МУЗЫКАТАНУ ДИСКУРСЫНДАҒЫ НҰРҒИСА ТЛЕНДИЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: САКРАЛИЗАЦИЯДАН ҒЫЛЫМИ ТАНЫМҒА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.65199/2617-6823-2026-20-2Ключевые слова:
қазақ халық аспаптар оркестрі, симфонизм, домбраға арналған күй, соло, тутти, ән структурасы, контраст-құрастырулы құрылымАннотация
Мақалада Нұрғиса Тілендиев музыкасын пайымдаудың жаңа дискурсы ұсынылады.
Зерттеуде ұлттық болмыстың сакрализациясына негізделген көзқарастың орнына оның шынайы жаңашылдығын ғылыми тұрғыдан қайта қарастыру басымды орын алады. Композитордың дара қолтаңбасы оның әртүрлі музыкалық дәстүрлерге деген шығармашылық көзқарасының нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл дәстүрлер XX ғасырдағы қазақ мәдениетінің өзекті сын-қатерлері жағдайында оның шығармашылық дарынын нәрлендірген бастау көздері болды. Зерттеудің міндеттері композитор шығармашылығының негізгі бағытын айқындау, оркестрлік шығармалары мен домбыра күйлерінің жанрлық-стильдік ерекшкліктері мен формалық құрырлымын анықтау.
Нұрғиса Тлендиевтің өмірбаянындағы негізгі кезеңдер оның ұлттық мәдениет құндылықтарына деген түбегейлі қызығушылығын қалай қалыптасқанын көрсетеді. Күйлерді домбырамен орындаудан бастап, халық аспаптар оркестрімен жұмыс істеуге дейінгі шығармашылық жолында ол композитор ретінде өзіндік кеңістігін табады. Бұл кеңістік типологиялық тұрғыдан қазақ халық аспаптарының заманауи қолданылуымен және олардың жаңа көркемдік мүмкіндіктерінің игерілуімен сабақтас. Нұрғиса Тлендиевтің осы өзіндік бағыты кейінгі буын композитоларының еңбектерінде жалғасын тапты.
Нұрғиса Тілендиев өзінің жанрлық-стильдік стратегиясында ұлттық мәдениеттің тұтастығы идеясын орнықтырды. «Махамбет» поэмасының интонациялық талдауы Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық шығармаларды симфониялық ауқымда өрбитін дара көркемдік идея ретінде қабылдағанын байқатады. Ол дәстүрлі, танымал және академиялық өнердің өзара ықпалдасуының болашақтағы даму үрдісін интуитивті түрде болжай білді. Оның оркестрлік музыка жөніндегі тұжырымдамасы «композитор және фольклор» өзара байланысы туралы қалыптасқан түсінік шеңберінен шығып, XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан композиторларына тән емес көркемдік ұстанымды танытады. Құрылымдық талдау әдісі формалық қалыптасудағы интегративтік үрдістерді анықтады. Композитор домбырашы ретінде өз тәжірибесіне сүйенді. «Әлқисса» күйі аспаптық және оркестрлік нұсқаларының көп функционалды құрылымы синтетикалық және гибридтік қасиеттерін көрсетеді. Концерттік принцип негізінде композитор ұлттық және жалпыадамзаттық текті музыкалық формалардың принциптерін біріктіреді. Бұл төл туындыны аспаптық күй үлгісімен де, оркестрлік концерт түрімен де теңестіруге болмайды. Нұрғиса Тілендиевтің соло мен тутти арасындағы жарыс сайысы идеясы нәтижелі болып, қазақ халық аспаптарының көркемдік-техникалық мүмкіндіктерін меңгерудің қазіргі тәжірибесінде жаңа дәстүрдің қалыптасуына негіз болды.
Әдебиеттер тізімі
References
Aituarova, Azhar. "Muzyka kudiretin tanytkan uly tulga" ["A Great Figure Who Revealed the Power of Music"]. Gasyrlar sazyn terbegen. Nurgisa Tlendiyev turaly estelikter [Echoing the Music of Centuries: Memoirs about Nurgisa Tlendiyev]. Bilim, 2007, pp. 205–218. (in Kazakh).
Aituarova, Azhar. Narodnye traditsii v massovoi muzyke Kazakhstana (na primere tvorchestva N. Tlendiyeva) [Folk Traditions in Kazakhstan's Popular Music (Based on the Works of N. Tlendiyev)]. Abstract of PhD diss. Tashkent, 1993. (in Russian).
Amanzholov, Bakhtiyar. "Kazakhskii orkestr Nurgisy Tlendiyeva" ["The Kazakh Orchestra of Nurgisa Tlendiyev"]. Ata Tolgauy, by Nurgisa Tlendiyev, vol. 1, Oner, 2005, pp. 13–18. (in Russian).
Arman. Nurgisa Tlendiyev kuyileri [The Kui of Nurgisa Tlendiyev]. Compiled and transcribed by B. Abenov. Astana, 2014. (in Kazakh).
Dzhumakova, Umitzhan. "Mukan Tulebaev i ego vliyanie na puti razvitiya kazakhskoi muzyki" ["Mukan Tulebayev and His Influence on the Development of Kazakh Music"]. Mukan Tulebaev i sovremennaya muzykal'naya kul'tura: Materialy Mezhdunarodnoi nauchno-prakticheskoi konferentsii k 100-letiyu M. Tulebaeva [Mukan Tulebayev and Contemporary Musical Culture: Proceedings of the International Scientific and Practical Conference Dedicated to the 100th Anniversary of M. Tulebayev]. Almaty, 2013, pp. 16–21. (in Russian).
Izmailova, Lyutetsiya, and Asiya Mukhambetova. "Zrelost' talanta" ["The Maturity of Talent"]. Gasyrlar sazyn terbegen. Nurgisa Tlendiyev turaly estelikter [Echoing the Music of Centuries: Memoirs about Nurgisa Tlendiyev]. Bilim, 2007, pp. 218–232. (in Russian).
Kaharman – Nurgisa (ocherkter, poemalar, esseler, olen-zhyrlar) [Hero Nurgisa: Essays, Poems, and Verses]. Edited by S. Abdiraiymuly. Sanat, 1999. (in Kazakh).
Tlendiyev, Nurgisa. Ata Tolgauy: Akademiyalyk shygarmalar zhinagy [Ata Tolgauy: Collection of Academic Works]. Vol. 1. Oner, 2005. (in Kazakh).
Tlendiyev, Nurgisa. Kosh Keruen: Akademiyalyk shygarmalar zhinagy [Nomad Caravan: Collection of Academic Works]. Vol. 2. Oner, 2005. (in Kazakh).
Tlendiyev, Nurgisa. Zhenis Saltanaty: Khalyk aspaptar orkestrine arnalgan shygarmalardyn zhinagy. Partitura [Triumph of Victory: Collection of Works for Folk Instruments Orchestra. Score]. Oner, 1980. (in Kazakh).
Toktagan, Aitzhan, et al. Kuyi – kasterli auez [Kui: A Sacred Melody]. Almaty, 1997. (in Kazakh).
Tungyshuly, Erbol. Atadan Mura [Heritage from the Ancestors]. Sanat, 1999. (in Kazakh).
Zemtsovskii, Izalii. "Melosfera Musorgskogo – ego 'neizvestnaya rodina'" ["Mussorgsky's Melosphere: His 'Unknown Homeland'"]. Muzykal'naya akademiya, no. 3, 2012, pp. 30–36. (in Russian).
Zhaksydan Shapagat: Dombyraga arnalgan shygarmalar, an-kuyiler [Blessings from the Worthy: Works and Songs-Kuyi for Dombra]. Compiled by K. Tasbergenov. Almaty, 2005. (in Kazakh).
Shakerim, Zharkyn. "Nurgisanyn zheti zhuldyzy" ["Nurgisa's Seven Stars"]. Ata Tolgauy, by Nurgisa Tlendiyev, vol. 1, Oner, 2005, pp. 19–31. (in Kazakh).
Zhuzbai, Zhangali. Shertpe kuyidin tort mektebi: Zertteuler zhane kuyiler zhinagy [The Four Schools of Shertpe Kuyi: Studies and Collection of Kuyi]. Astana, 2009. (in Kazakh).
Жүктеулер
жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Выпуск
Раздел
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Eurasian Science and Arts

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Журналда жарияланған ғылыми жарияланымдарға авторлық құқық олардың авторларына тиесілі. Журналдың мазмұны Creative Commons Attribution 4.0 (CC-BY) лицензиясы бойынша таратылады.
Лицензия шарттарын мына веб-сайттан табуға болады: https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/



