Контрольный список подготовки материала к отправке
В качестве одного из этапов процесса отправки авторы должны проверить соответствие их материала всем следующим пунктам, материалы могут быть возвращены авторам, если они не соответствуют этим требованиям.
Бұл материал бұрын жарияланбаған және басқа журналда қарау және жариялау үшін ұсынылмаған (немесе бұл туралы түсініктеме редакторға арналған түсініктемелерде берілген).
Материал файлы OpenOffice, Microsoft Word немесе RTF құжаты форматында ұсынылған.
Мүмкін болған жағдайда, сілтемелер үшін толық URL мекенжайлары көрсетілген.
Мәтін бір жоларалық интервалмен терілген; 12 кегльді қаріп қолданылған; мәтінді ерекшелеу үшін асты сызу емес, курсив қолданылған (URL мекенжайларын қоспағанда); барлық иллюстрациялар, графиктер және кестелер құжаттың соңында емес, мәтіндегі тиісті орындарға орналастырылған.
Мәтін «Журнал туралы» бетінде орналастырылған Авторларға арналған нұсқаулықта сипатталған стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді.
Руководство для авторов
Авторлар мақалалардың мазмұнына, соның ішінде келтірілген ақпараттың, дәйексөздердің, сілтемелердің, дереккөздер тізімі мен References бөлімінің дәлдігіне толық жауапты болады. Редакция авторлардың пікірлерімен келіспеуі мүмкін және авторлар жариялаған мәтіннің дұрыстығына жауапты болмайды. Журнал редакциясы мақаланың жариялануына байланысты туындауы мүмкін залал үшін авторлар және/немесе үшінші тұлғалар мен ұйымдар алдында жауапкершілік көтермейді.
Мақала ұсынуға арналған үлгілер мен нұсқаулықтар.
А4 форматы
Қаріп: Times New Roman, 12 пт
Жоларалық интервал: 1,0 (бір стильдегі абзацтар арасында интервал қойылмайды).
Жиектер: барлық жағынан 2 см.
Бет нөмірлері қойылмайды.
Дереккөздер тізімін қоса алғанда, мақаланың жалпы көлемі 1 авторлық парақпен шектелуі тиіс (бос орындарды қоса есептегенде, таңбалар саны 40 000-нан аспауы керек).
Файл мына элементтерден төменде көрсетілген ретпен тұруы тиіс:
ӘОЖ
DOI
Мақаланың атауы
Мақаланың атауы он сөзден аспауы және зерттеудің тақырыбын, мазмұнын әрі бағытын нақты көрсетуі тиіс.
Мақала атауы үш тілде беріледі.
Аңдатпа
Көлемі – 200–250 сөз. Аңдатпада мына құрамдас бөліктер ретімен көрсетілуі қажет:
Кіріспе (Introduction): ғылыми мәселелер мен зерттеу мақсаттарының қойылуы;
Әдістер (Methods): зерттеу әдіснамасы мен оны жүргізу кезеңдері туралы мәліметтер;
Нәтижелер (Results) және талқылау (Discussion): авторлық зерттеу барысында алынған нақты нәтижелер мен олардың сараптамасы;
Қорытынды (Conclusion): зерттеудің практикалық маңыздылығы мен перспективаларын көрсететін жалпы тұжырымдар.
Аңдатпада зерттеудің жаңашылдығына, дереккөздердің түпнұсқалығына, тақырыпты зерделеудегі бірегей тәсілге, сондай-ақ автордың ғылымның дамуына қосқан үлесіне баса назар аударылуы тиіс. «Автордың пікірінше...» сияқты тіркестерді қолдану ұсынылмайды. Сонымен қатар аңдатпада авторлардың аты-жөндері бас әріптермен қысқартылмай, толық көрсетілуі қажет. Аңдатпа үш тілде беріледі.
Түйін сөздер
Түйін сөздер – ғылыми мақаланы іздеудің құралы. Олар дерекқорда орналастырылу ретімен беріледі. Түйін сөздер ғылыми зерттеулердің негізгі қағидаларын, жетістіктерін, нәтижелері мен терминологиясын көрсетуі тиіс.
Түйін сөздердің ұсынылатын саны – 5–10.
Түйін сөздер үш тілде беріледі.
Журнал талаптарына сәйкес мақаланың мәтіні ғылыми проблематиканы ашып, оның өзектілігін, сондай-ақ зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен байланысын көрсетуі тиіс. Автор жарияланымның негізгі идеясын және оның осы мәселе бойынша жүргізілген басқа зерттеулерден айырмашылығын дәлелдеуі қажет.
Кіріспе (Introduction)
Кіріспе мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Тақырыпты таңдауды негіздеу; тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі. Тақырыпты таңдауды негіздеу барысында алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесін сипаттау негізінде проблемалық жағдайдың бар екені көрсетіледі (қандай да бір зерттеулердің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т. б.). Тақырыптың өзектілігі зерттеліп отырған нысанға деген жалпы қызығушылықпен қатар, қолданыстағы сұрақтарға толық жауаптардың болмауымен айқындалады. Өзектілік тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығы арқылы дәлелденеді.
Зерттеу нысанын, пәнін, мақсатын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотезасын және жұмыстың маңыздылығын анықтау. Зерттеудің мақсаты тезисті дәлелдеумен, яғни зерттеу пәнін автор таңдаған аспектіде таныстырумен байланысты.
Әдебиеттерге шолу (Literature Review)
Әдебиеттерге шолу бөлімінде зерттеліп отырған тақырып бойынша шетелдік авторлардың іргелі және заманауи еңбектері қамтылуы тиіс. Сонымен қатар аталған еңбектердің ғылыми үлесі тұрғысынан талдауы және зерттеудегі олқылықтар көрсетілуі қажет.
Зерттеу әдіснамасы (Methods)
Әдіснама бөлімі зерттеу материалдары мен жұмыстың жүргізілу барысының сипаттамасын, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасын қамтуы тиіс.
Зерттеу материалдарының сипаттамасы немесе баяндалуы сапалық және сандық тұрғыдан беріледі. Материалдың сипаттамасы – қорытындылар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын айқындайтын факторлардың бірі.
Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған және белгіленген рәсімдерді қайталамай, толық ақпарат беріледі; пайдаланылған жабдықтар (бағдарламалық қамтамасыз ету) сәйкестендіріліп, материалдарға сипаттама жасалады. Материалдар мен әдістерді қолдану барысында міндетті түрде жаңашылдық енгізілуі тиіс.
Ғылыми әдіснама мыналарды қамтуы қажет:
зерттеу сұрағы(-тары);
ұсынылатын гипотеза (тезис);
зерттеу кезеңдері;
зерттеу әдістері.
Нәтижелер және талқылау (Findings/Discussion)
Бұл – мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Аталған бөлімде зерттеу барысында алынған нәтижелер талданып, талқыланады. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар жасалып, негізгі мазмұны ашылады.
Бұл бөлімде жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізіп, алынған нәтижелерді алдыңғы зерттеулермен, талдаулармен және қорытындылармен салыстыра отырып талқылау қажет.
Қорытынды (Conclusion)
Бұл бөлімде жұмыстың осы кезеңдегі нәтижелері жинақталып, қорытындыланады; автор ұсынған тұжырымның дұрыстығы расталып, алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруіне қатысты автордың қорытындысы беріледі.
Қорытындылар абстрактілі болмауы тиіс. Олар белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жинақтау үшін пайдаланылып, одан әрі жүргізілетін жұмыстарға қатысты ұсыныстарды немесе мүмкіндіктерді қамтуы қажет.
Дереккөздер тізімі
Мақалаларды жазу барысында дереккөздер тізіміне соңғы жылдардағы ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген журналдарда жарияланған шетелдік авторлардың еңбектерін енгізу қажет.
Дереккөздер мен әдебиеттер тізімін құрастыруға арналған ережелерге және ұсынымдарға тиісті назар аударылуы тиіс. Дәйексөз келтірілген дереккөздердің нәтижелері дереккөзге тиісті сілтемелерді қоса алғанда, барынша дәл берілуі қажет.
Басылымның толық шыққан жері көрсетілуі тиіс, соның ішінде Лондон, Санкт-Петербург және т. б.
References
Иллюстрациялық материалдар
Мәтіндегі инфографика, оның ішінде кестелер, сызбалар, суреттер мен формулалар нөмірленуі тиіс. Сызбалар мен кестелердің атаулары сызбаның немесе кестенің жоғарғы жағына орналастырылады. Әрбір суретке үш тілде (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде) сурет астындағы түсіндірме берілуі қажет.
Иллюстрациялық материалдар мақаланың түпнұсқасымен бірге сайт жүйесі арқылы қосымша материалдар ретінде TIFF/JPG форматтарында жеке файлдар түрінде электрондық нұсқада ұсынылады. Суреттер немесе фотоматериалдар жоғары сапалы, ажыратымдылығы кемінде 300 dpi болуы тиіс. Microsoft Word бағдарламасына импортталған иллюстрацияларды, сондай-ақ олардың ксерокөшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.
Кестелер, сызбалар, диаграммалар мен графиктер бастапқы деректері қамтылған және графикалық материалдарды өңдеуге мүмкіндік беретін Microsoft Word немесе Microsoft Excel форматындағы файлда ұсынылады.
Ноталық мысалдар, сызбалар және т. б. арнайы компьютерлік бағдарламаларда жасалады. Оларды .jpeg, .bmp, .gif форматтарындағы жеке файлдар түрінде жіберу қажет. Егер кескінге қосымша белгілер енгізілсе, олар .doc, .docx, .pdf, .eps форматтарында да қоса ұсынылуы тиіс.
Мақалалар
Eurasian Science and Arts журналы өнер, өнер философиясы және гуманитарлық білім берудегі педагогиканың өзекті мәселелеріне арналған түпнұсқа ғылыми мақалаларды жариялайды.
Журналдың ғылыми бейініне, мақаланың құрылымы мен рәсімделуіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ академиялық этика нормаларына сәйкес келетін материалдар жариялауға қабылданады.
Келіп түскен барлық мақалалар алдын ала редакциялық тексеруден, StrikePlagiarism жүйесін пайдалана отырып, мәтіндік ұқсастықтарды тексеруден және қосарлы жасырын рецензиялаудан өтеді.
Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Әрбір жарияланған мақалаға бірегей цифрлық DOI идентификаторы (Crossref) беріледі.
Мақалаларға қойылатын негізгі талаптар:
журналдың тақырыбы мен ғылыми бағыттарына сәйкестігі; ғылыми жаңалығының болуы және алынған нәтижелердің негізділігі; материалды баяндаудың нақты құрылымы мен логикасы; сілтемелер мен пайдаланылған дереккөздер тізімінің дұрыс рәсімделуі; академиялық адалдық және жарияланым этикасы талаптарының сақталуы; мақаланың басқа ғылыми басылымда бір мезгілде қарастырылмауы.
Қолжазбаның құрылымына, рәсімделуіне және ұсынылуына қойылатын толық талаптар «Авторларға» бөлімінде берілген.
Мақаланы қарау процесі
1. Қолжазбаны ұсыну → 2. Алдын ала редакциялық тексеру (10 күнге дейін) → 3. Мәтіндік ұқсастықтарды тексеру (5 күнге дейін) → 4. Қосарлы жасырын рецензиялау (45 күнге дейін) → 5. Редакциялық пысықтау (30 күнге дейін) → 6. Жариялауға қабылдау → 7. Жариялау және DOI беру.
Пікірлер
Eurasian Science and Arts журналы өзекті ғылыми және шығармашылық оқиғаларға, жаңа ғылыми басылымдарға, монографияларға, диссертациялық зерттеулерге, оқу және әдістемелік еңбектерге, сондай-ақ өнер саласындағы маңызды шығармалар мен жобаларға арналған шолулар мен пікірлерді жариялауға қабылдайды.
Шолуларда ғылыми әдебиеттерге, зерттеу бағыттарына, көркемдік құбылыстарға, жобаларға немесе тиісті саладағы өзекті мәселелерге аналитикалық талдау жасалуы тиіс. Материал қарастырылып отырған мәселенің қазіргі жағдайын көрсетуі және ғылыми немесе кәсіби маңызға ие болуы тиіс.
Пікірлерде ұсынылып отырған еңбекке оның мазмұнын, негізгі ережелерін, ғылыми немесе көркемдік маңызын, артықшылықтары мен пікірталас тудыратын аспектілерін көрсете отырып, объективті және дәлелді талдау жасалуы тиіс. Пікір қарастырылып отырған шығарманың мазмұнын қысқаша баяндаумен ғана шектелмеуі тиіс.
Негізгі талаптар
- журналдың тақырыбы мен ғылыми бағыттарына сәйкестігі; - қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігі; - баяндаудың аналитикалық және дәлелді сипаты; ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы; - пайдаланылған дереккөздерге сілтемелерді дұрыс келтіру және рәсімдеу; - академиялық адалдық пен жарияланым этикасы нормаларын сақтау; - плагиат пен жосықсыз мәтіндік ұқсастықтардың болмауы; - материалдың басқа ғылыми басылымға бір мезгілде ұсынылмауы.
Шолулар мен пікірлер редакцияның алдын ала қарауынан және мәтіндік ұқсастықтарды тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда редакция материалды қосымша қарау үшін мамандарға немесе рецензенттерге жібере алады.
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Условия передачи авторских прав
Eurasian Science and Arts ғылыми журналына мақаланы ұсыну кезінде авторлар осы Авторлық құқықтарды беру шарттарымен танысуға және олармен келісуге міндетті.
Автор(лар) журналға мақаланы жариялау және оны баспа және электрондық нысандарда тарату, сондай-ақ мақаланы журналдың ресми сайтында және тиісті электрондық ғылыми дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерде ашық қолжетімділік режимінде орналастыру құқығын береді.
Бұл ретте автор(лар) туындыға қатысты авторлық құқықтарын сақтап қалады. Мақаланы жариялау Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Автор(лар) ұсынылған мақаланың түпнұсқа болып табылатынына, үшінші тұлғалардың авторлық және өзге де құқықтарын бұзбайтынына және журнал редакциясымен өзгеше келісілмеген жағдайда, бұрын басқа басылымда жарияланбағанына кепілдік береді.
Мақаланы журналдың жүйесі арқылы ұсыну арқылы автор(лар) осы Авторлық құқықтарды беру шарттарымен келісетінін растайды.
Заявление о конфиденциальности
Осы журналдың сайтында енгізілген аты-жөндер мен электрондық пошта мекенжайлары тек журналда көрсетілген мақсаттарда пайдаланылады және қандай да бір басқа мақсаттар үшін қолданылмайды, сондай-ақ үшінші тұлғаларға немесе ұйымдарға берілмейді.