ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН B-dur, op.133 СТРУНДЫ КВАРТЕТКЕ АРНАЛҒАН «ҮЛКЕН ФУГА» (талдамалық этюд)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.65199/2617-6823-2025-3-2Ключевые слова:
Бетховен, соңғы квартеттер, Үлкен фуга, бөлімдер талдауы, аралас формаАннотация
Мақала Людвиг ван Бетховеннің шығармашылығының соңғы кезеңіндегі орталық туындыларының бірі болып саналатын B-dur, op.133 «Үлкен фугаға» арналған. Бетховеннің соңғы жылдарындағы эстетикалық және стильдік ерекшеліктер — қаһармандық пафостан бас тарту, философиялық-ойтолғамдық үрдістердің күшеюі, полифониялық ойлаудың тереңдеуі және форма түзу саласындағы батыл эксперименттер — жан-жақты талданады. Сондай-ақ «Үлкен фугасының» B-dur тональді Тринадцатый квартеттің (op.130) бастапқы финалы ретінде дүниеге келу тарихы және оның дербес шығармаға айналуына ықпал еткен жағдайлар қарастырылады.
Талдау бөлімінде фуганың құрылымдық және композициялық ерекшеліктері зерттеледі: камералық жанрдың симфонизациялану қағидаттары, тақырыптық түрленулер, полифониялық дамудың логикасы, автор қолданған «tantôt libre, tantôt recherchée» («бірде еркін, бірде қатаң») деген қосымша атауда көрініс тапқан еркін және қатаң формалық элементтердің өзара байланысы. Әсіресе туындының үш бөлімді архитектоникасына, «Увертюра» мен фуганың негізгі материалы арасындағы сабақтастыққа, контраст тақырыптардың сипатына және финалдағы фугато мен сонаталық қағидалардың рөліне ерекше назар аударылады.
Мақалада op.133 шығармасының аралас пішінді композициялық табиғаты туралы қорытынды жасалады: фугаланған вариациялар мен үш бөлімді контрастқа негізделген концерттік принциптердің бірлігі. «Үлкен фуга» XIX–XX ғасырлар музыка өнеріндегі жанрлық және полифониялық ойлаудың одан әрі дамуына маңызды бағдар болғаны көрсетіледі.
Әдебиеттер тізімі
Goncharenko, Svetlana. “Ob odnom printsipe doklassicheskogo formoobrazovaniya v pozdnikh kvartetakh Betkhovena [On a Pre-Classical Principle of Form Formation in Beethoven’s Late Quartets].” Vestnik muzykalnoi nauki [Journal of Music Science], no. 4(6), 2014. https://vestnik.nsglinka.ru/&journal_page=archive&id=7. (in Russian)
Protopopov, Vladimir. Ocherki iz istorii instrumentalnykh form XVI – nachala XIX veka [Essays on the History of Instrumental Forms of the 16th – Early 19th Centuries]. Moscow: Muzyka, 1979. (in Russian)
Protopopov, Vladimir. Istoriya polifonii. Zapadnoevropeiskaya muzyka XVII – pervoi chetverti XIX veka [History of Polyphony: Western European Music of the 17th – First Quarter of the 19th Century]. Moscow: Muzyka, 1985. (in Russian)
Protopopov, Vladimir. Printsipy muzykalnoi formy Betkhovena [Principles of Beethoven’s Musical Form]. Moscow: Muzyka, 1970. (in Russian)
Shapilov, Vitaliy. “Novyi etap razvitiya fugi v tvorchestve Betkhovena [A New Stage in the Development of the Fugue in Beethoven’s Works].” Mysl [Thought], no. 8, 2014. ISSN 1026-938X. Almaty. https://www.conservatoire.edu.kz/kz/structure/faculties/shapilov-vitaliy/. (in Russian)
Shapilov, Vitaliy. “K voprosu tipologii fugi zapadnoevropeiskikh romantikov [On the Typology of the Fugue among Western European Romantics].” Problemy muzykalnoi nauki / Music Scholarship, no. 1, 2023, pp. 64–72. (in Russian)
Жүктеулер
жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Выпуск
Раздел
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Eurasian Science and Arts

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Журналда жарияланған ғылыми жарияланымдарға авторлық құқық олардың авторларына тиесілі. Журналдың мазмұны Creative Commons Attribution 4.0 (CC-BY) лицензиясы бойынша таратылады.
Лицензия шарттарын мына веб-сайттан табуға болады: https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/



