ҮНДІ РАГАМАЛАСЫ ФЕНОМЕНІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.65199/2617-6823-2025-3-1Ключевые слова:
Үндістан, рагамала, иконография, кескіндеме, дхьяна мурти, миниатюра, рага, рагадхьяна, халық, париварАннотация
Ұсынылатын мақалада оңтүстіказиялық музыкалық және көркем әдебиетте ерекше құбылыс ретінде бағаланатын рагамала феномені қарастырылады.
Осы күнге дейін отандық және шетелдік шығыстануда үнділік эстетиканы түсінуде маңызды бұл феноменді танытуға арналған арнайы зерттеулер жоқ. Сондықтан бұл зерттеудің мақсаты – рагамада ұғымын таныту үшін теориялық, тарихи-мәдени және өнертану қырларын қамтитын кешенді талдау ұсыну.
Зерттеудің әдіснамасы музыкатану, мәдениеттану және өнер тарихын байланыстыратын пәнаралық тәсілдерге негізделген.
Зерттеуде маңызды эмпирикалық материалдың қоры автордың Үндістандағы Shriram Bharatiya Kala Kendra институтында (Нью-Дели, 2004–2006 және 2009 жж.) өткізген ғылыми тағылымдамаларының кезінде жинақтаған тәжірибесі рагамада феноменін табиғи дәстүрлі үнділік мәдениет контексінде қарастыруға негіз болды.
Нәтижесінде рагамада термині санскриттік рага («әуендік мәнер») және мала («гирлянда») сөздерінен құралғаны және қосарлы мағынасы бар екені анықталды.
Музыкалық салада ол бір композицияда бірнеше рагтың қосындысында, ал бейнелеу өнерінде – XV ғасырда қалыптасқан және XVII ғасырда өркендеген миниатюралық кескіндеме жанрында орын алады.
Бұл миниатюралар поэтикалық сипаттауларда (рагадхьяна) жиі сабақтастық табатын рагалардың эмоционалды-ментальді (дхьяна мурти) мәнін визуальді түрде танытады.
Зерттеу нәтижесінде рагамада халықтық пәлсапаны және рагтың «отбасындағы» (паривар) туыстық байланысты ішінен көрсететін күрделі символикалы дыбыс, бейне және эмоцияны біріктіретін синтетикалық көркем феномен екені анықталды.
Бұл феномен үнділік эстетикалық сананың маңызды жетістігін және әлемдік көркем ой мұрасының көрнекті құбылысын танытады.
Әдебиеттер тізімі
Amarnath, Pandit. Living Idioms in Hindustani Music: A Dictionary of Terms and Terminology. Harper Collins Publishers India, 1994.
Banerjee, Projesh. Dance in Thumri. Abhinav Publications, 2017 (reprint).
Capwell, Charles. “Ragamala for Empress.” Ethnomusicology, vol. 46, no. 2, 2002, pp. 197–225.
Danielou, Alain. The Ragas of Northern India. Munshiram Manoharlal, 2003.
Gangoly, Ordhendra Coomar. Ragas and Raginis: A Pictorial and Iconographic Study of Indian Musical Modes Based on Original Sources. Shubhi Publications, Gurgaon, 2017. 248 p.
Greig, John Andrew. “Ragmala Painting.” The Garland Encyclopedia of World Music: South Asia: The Indian Subcontinent, vol. 5, Garland Publishing, 2000, pp. 312–331.
Kartashova, Tatiana. Up-shastriya kak obshchee zvukovoe prostranstvo muzykal'noi kul'tury Severnoi i Yuzhnoi Indii [Up-shastriya as a Common Sound Space of the Musical Culture of North and South India]. Kompozitor, 2010. (in Russian)
Menon, Raghava. The Sound of Indian Music: A Journey into Raga. Indian Book Co., 1976.
Miner, Allyn, ed. The Sangitopanisat Saroddharah of Vacanacarya Sri Sudhakalasa: A Fourteenth Century Text on Music from Western India (Indira Gandhi National Centre for the Arts). Motilal Banarsidass Publishers, 1998.
Ranade, Ashok. Hindustani Music. National Book Trust, 1993.
Randhawa, Mohindar Singh. Kangra Ragamala Painting: National Museum. Publications Division, 1971. 88 p.
Sarmadee, Shahab, ed., trans., and annotated. Tarjuma-i-Manakutuhala and Risala-i-Ragadarpana. Indira Gandhi Centre for the Arts and Motilal Banarsidass, 1996.
Saxena, Abha. Basic Concepts of North Indian Classical Music. AAS Publications, 2020.
Жүктеулер
жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Выпуск
Раздел
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Eurasian Science and Arts

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Журналда жарияланған ғылыми жарияланымдарға авторлық құқық олардың авторларына тиесілі. Журналдың мазмұны Creative Commons Attribution 4.0 (CC-BY) лицензиясы бойынша таратылады.
Лицензия шарттарын мына веб-сайттан табуға болады: https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/



