ГРАФИКА ӨНЕРІМЕН ӨРІЛГЕН ТАРИХИ ЖАД (ҚР Ұлттық музей қорындағы Н.С. Гаевтің туындылары)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.65199/2617-6823-2025-3-3Ключевые слова:
графика, офорт, линогравюра, литография, тарихи жад, композицияАннотация
Мақала кеңес дәуірінің көрнекті графика шебері, Қазақ КСР-інің халық суретшісі және еңбек сіңірген өнер қайраткері Н.С. Гаевтің соғысы тақырыбына арналған графикалық туындыларын талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі кеңестік кезеңнің көркем мұрасын тарихи жады мен көрнекі мәдениет тұрғысынан қайта пайымдау қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Гаев шығармаларындағы бейнелеу тілі мен композициялық құрылым ерекшеліктерін анықтап, соғыс тақырыбы аясындағы көркемдік-идеялық концепциясын ашу.
Зерттеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорында сақталған графикалық туындыларға өнертанушылық талдау жүргізуге негізделген. Жұмыс барысында иконографиялық және семиотикалық талдау әдістері, сондай-ақ тарихи-мәдени контексті ескере отырып, контекстуалдық тәсіл қолданылды.
Суретші шығармашылығын жан-жақты зерделеу нәтижесінде Н.С. Гаевтың қолтаңбалық ерекшелігіне тән – деректілік пен символикалық-метафоралық бейнелеу тәсілдерінің үйлесімді сабақтастығы анықталды. «Ленинградтық өренім», «Не үшін?», «Шарасыздық», «Таң сәріде», «Өткен туралы ойлар», «Бухенвальд нәубеті», «Циклон», «Күл», «Жұлдызды сәт» секілді туындылары соғыс кезеңінің рухани және әлеуметтік болмысын, трагизм мен гуманизмді терең сезіммен бейнелейді. Суретші аллегориялық образдар, пластикалық шешімдер арқылы эмоциялық әсерді күшейтеді.
Қорыта келе, Н.С. Гаевтың шығармашылық мұрасы соғыс трагедиясының көркем көрінісі, сонымен қатар ұлттық жадыны сақтау құралы ретінде де жоғары тарихи-мәдени маңызға ие екендігі айқындалды. Бұл зерттеу отандық өнертану ғылымын дамытуға үлес қосып, бірегей музейлік дереккөздердің өзектілігін арттырады. Автор Н.С. Гаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорында сақталған графикалық мұрасын жан-жақты саралап, оның рухани-мәдени маңызын аша түседі.
Әдебиеттер тізімі
Walter, H. “Kulturologicheskii fon v poslovitsakh-‘perevyortyshakh’.”
[“Cultural Background in Proverbial ‘Word-Play Reversals’.”] Problemy istorii, filologii, kul'tury, no. 3 (45), 2014, p. 43.
https://cyberleninka.ru/article/n/kulturologicheskiy-fon-v-poslovitsah-perevyortyshah.
Accessed 26 August 2025. (In Russian)
Qazaq öneri: 5 tomdyq. Grafika. [Kazakh Art: Five-Volume Edition. Graphics.] Almaty, Elnur, 2013. ISBN 978-601-80417-0-9. (In Kazakh)
Marchenko, L. Nikolai Gaev. [Nikolai Gaev.] Moscow, Sovetskii khudozhnik, 1985. (In Russian)
Riazanovskii, L.“Lozungi i devizy tret'ego reikha i ikh ispol'zovanie v natsistskoi propagande.” [“Slogans and Mottos of the Third Reich and Their Use in Nazi Propaganda.”] Problemy istorii, filologii, kul'tury, no. 3 (53), 2016, p. 132.
Accessed 26 August 2025. (In Russian)
Sadyrbaev, S. Galymnyn haty: gylymi zertteuler, makalalar, estelikter, kosemsozder, oi-tolgamdar. [The Scholar’s Letter: Academic Studies, Articles, Memoirs, Essays, and Reflections.] Compiled by Ratbek Terlikbaev. Almaty, Dauir-Kitap, 2015. (In Kazakh)
Sarykulova, G. Ocherki istorii izobrazitel'nogo iskusstva Kazakhstana. [Essays on the History of Fine Arts of Kazakhstan.] Alma-Ata, Nauka, 1977. (In Russian)
Khar'kovskii, R., and S. Khar'kovskii. “Khirosima i Nagasaki: prestuplenie, kotoroe ostalos' beznakazannym.” [“Hiroshima and Nagasaki: A Crime That Remained Unpunished.”] Vestnik Moskovskogo universiteta im. S. Yu. Vitte. Series 2: Legal Sciences, no. 4 (26), 2020, p. 55.
https://cyberleninka.ru/article/n/hirosima-i-nagasaki-prestuplenie-kotoroe-ostalos-beznakazannym.
Accessed 28 August 2025. (In Russian)
Shalabaeva, G. K., ed. Entsiklopediia iskusstva: terminologicheskii slovar'. [Encyclopedia of Art: Terminological Dictionary.] Almaty, 2010. (In Russian)
Sharipova, Dilyara Safargaliyevna, Ainur Berikovna Kenjakulova, Svetlana Zhumasultanovna Kobzhanova, Kaldykul Serikbaevna Orazkulova, and Leila Abdyganievna Kenzhebayeva. “Revisiting the Kazakh Famine at the Beginning of the 1930s in Fine Art Forms from the Perspective of Cultural Memory.” Rupkatha Journal on Interdisciplinary Studies in Humanities,
vol. 12, no. 1, 2020. https://doi.org/10.21659/rupkatha.v12n1.16. (In English)
Жүктеулер
жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Выпуск
Раздел
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Eurasian Science and Arts

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Журналда жарияланған ғылыми жарияланымдарға авторлық құқық олардың авторларына тиесілі. Журналдың мазмұны Creative Commons Attribution 4.0 (CC-BY) лицензиясы бойынша таратылады.
Лицензия шарттарын мына веб-сайттан табуға болады: https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/



