Мақалалар қабылдау

2025-06-14

Құрметті әріптестер!

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Eurasian Science and Arts» ғылыми журналы мақалаларды қабылдауды жалғастыруда. Қазақстандық және шетелдік ғалымдарды автор ретінде ынтымақтастыққа шақырамыз!

Редакция журналымызға деген қызығушылықты кеңейтуге және жарияланымдардың ғылыми сапасын арттыруға мүдделі. Редакцияға ұсынылатын ғылыми зерттеу журналдың негізгі айдарларының біріне сәйкес келуі тиіс: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» («Өнертану», «Өнер философиясы», «Гуманитарлық білім берудегі педагогика», «Шолулар мен рецензиялар», «Сұхбаттар»).

Редакция музыка, театр, бейнелеу өнері, кино және медиа салаларындағы өзекті мәселелерге арналған ғылыми зерттеулерді қабылдайды.

Авторларға қойылатын талаптармен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:

https://kaznui-journal.kz/index.php/main/for-authors

Ынтымақтастыққа қатысты кез келген сұрақтарыңызды төмендегі электрондық пошта арқылы жолдай аласыз:

E-mail: nauka.kharlamova@bk.ru

Редакцияның мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті РММ

Тел.: +7 7758571569

E-mail: nauka.kharlamova@bk.ru

Журналдың сайты: https://kaznui-journal.kz/